Оралда төтенше жағдайды бұзған екі күдікті ұсталды   
10 Қаңтар, 10:29 253

Оралда төтенше жағдайды бұзған екі күдікті ұсталды  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орал қаласында түнгі сағат 00:03 шамасында қала орталығындағы Мендалиев көшесіндегі тұрғын үйлердің жанында полиция қызметкерлері 1993 жылғы екі жас жігітті ұстаған. 

Оларды жеке тексеру барысында бірінен 5,45 калибрлі пышақ пен әскери патрон табылып, тәркіленді. Өзімен бірге олардың жеке куәліктері болмаған. Айтуынша, аталған азамат патронды көшеден тауып алған. 

Медициналық сараптама қортындысына сәйкес жігіт «трамадолды» қолдану нәтижесінде есірткі қолданған. 

Аталған факті  СДТБТ-де тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (оқ-дәрілерді заңсыз сақтау) белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Екінші ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы «төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген ПД мәліметінде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...