Бас жаңалықтар
Оралда пойыз басып кеткен әйелдің денесі табылды
23 Қыркүйек 2020, 03:00 379

Оралда пойыз басып кеткен әйелдің денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралдағы теміржол өткелінде қайғылы оқиға болды. Бір әйелді пойыз басып кетті, деп хабарлады «Мой Город» басылымы.

Оқиға Желаев тасжолы аумағында түскі уақытта болған. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем диспетчеріне қоңырау 22 қыркүйек күні сағат 13.15-те түскенін хабарлады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері белгісіз әйелдің мәйітін тауып алған. Олар марқұмның жасы шамамен 50-де болғанын айтады.

Дәрігерлер зардап шегушінің аяқ-қолы кесіліп қалғанын жеткізді. Оқиғаға Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді. Олар қылмыстық заңнамаға сәйкес, пойыз қағу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қалған ақпарат Қазақстан Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...