Бас жаңалықтар
Оралда павильон-аялдамалар пайда болады
27 Қаңтар 2021, 02:29 225

Оралда павильон-аялдамалар пайда болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қысы суық Орал қаласында жылы да жайлы аялдамалар пайда болмақ. Оның әрқайсысы жеті млн теңге тұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалада бес жүзге жуық аялдама болса, оның 110-ы павильон түрінде жабдықталады. 

Бұл аялдамалар қыста жылы, жазда салқын. Тұрғындар онда қыстыгүні автобус күтіп, дірдектеп тұрмайды. Оларға арнайы жылу пештері мен кондиционерлер орнатылған, - дейді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев.

Осындай бір павильон құны 7 млн теңге тұрады. Ол 24 шаршы метр жерге есептелген, түнде жабылып, қауіпсіздік камералары орнатылады. Жақын күндері бірінші болып Абай даңғылындағы павильон ашылмақ. Қазір онда әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, мұндай «жылы аялдамалар» былтыр көршілес Атырау қаласында да салынған. Әрқайсысы 17 млн теңге тұратын тоғыз аялдама бүгінде карантин мен вандалдардың кесірінен жабық тұр. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...