Бас жаңалықтар
Оралда жаңартылған көпір ашылды
02 Тамыз 2020, 17:16 178

Оралда жаңартылған көпір ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда "Омега" көпірінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 

Көпірдің ашылу салтанатына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

Бір жарым жыл бұрын "КПО б.в" компаниясының есебінен көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарына 5,2 миллиард теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кеткен болатын. Көпір құрылысының 3 жылдық кепілдігі бар, бірақ құрылысшылардың айтуынша, көпір 50 жыл қызмет ететін болады. Аталған көпірдің қала халқы үшін маңызы зор, - деді Ғали Нәжімеденұлы.

Облыс басшысының айтуынша, бұрынғы көпір 1978 жылы ашылып, содан бері жөндеу көрмеген.


Фото: дереккөз
Загрузка...