Оралда қатты дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті

14 Қаңтар 2021, 23:21
890
Бөлісу:
Оралда қатты дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 қаңтар күні сағат 14.40-та Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылында болды.

Екпіні секундына 22 метрге дейін жеткен қатты жел салдарынан орта мектеп ғимаратының шатыры сыпырылып түсті. Оның аумағы 1266,8 шаршы метрді қамтыды.

Ғимараттың жалпы ауданы – 1778 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде.


Өзгелердің жаңалығы