Оралда бір күнде екі үй өртенді

19 Мамыр 2021, 05:33
1080
Бөлісу:
Оралда бір күнде екі үй өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 мамыр күні сағат 16:57-де Қ.Аманжолов көшесіндегі 16-үйде жалпы ауданы 120 шаршы метр, алты отбасына есептелген барак типтес бір қабатты үйдің жабыны мен шатыры жанды.

Өрт сондай-ақ көршілес орналасқан Қ.Аманжолов көшесіндегі 14-үйді (15 шаршы метр) және Е.Пугачев көшесіндегі 33-үйдің қора-қопсысын (10 шаршы метр) шарпыды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 18 адам, 5 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:46-да толықтай сөндірілді. Сонымен қатар сағат 21:17-де 4-шағын ауданда 10-үйдің үшінші қабатында 88-пәтердің балконы отқа оранды. Бұл өрт сағат 21:33-те оқшауланды

Өзгелердің жаңалығы