Бас жаңалықтар
Оралбай Әбдікәрімов: Шектеу шараларының маңыздылығын халық енді түсінгендей
03 Шілде 2020, 17:55 206

Оралбай Әбдікәрімов: Шектеу шараларының маңыздылығын халық енді түсінгендей

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Жаңару" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімов осылай дейді.

Осыдан бірер күн бұрын ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды. Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізу туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Осыған орай "Жаңару" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімов пікір білдірген еді.

Негізі бұл шектеу шараларын енгізу Қазақстан жұртшылығы үшін аса қажет еді. Себебі, 11 мамырдағы коронавирусқа қарсы шараларды осалдату туралы қабылданған шешім ерте қабылданғанын көрсетіп отыр. Сондай-ақ, коронавируспен күресу шараларының маңыздылығын халық енді түсінгендей. Себебі, қазіргі таңда екінің бірінің не өзі, не туысы сырқаттанған ауыр кезең болып тұр, - дейді ол.

Оралбай Әбдікәрімов әлемдік медициналық орталықтардың пікіріне сүйеніп, бұл індеттің негізгі бастауы қайдан шығып, қалай тарайтындығы, нөлдік процент белгісіздігі екендігі анықталып отырғанын айтты.

Екінші проблема – дәрі-дәрмектің жоқтығы немесе жеткілікті дәрежеде болмауы. Үшінші проблема - медицина қызметкерлерінің тапшылығы, тестілеу реагенттерінің, ауруханалардың аздығы. Індетпен күрес бағытында әлемдегі озық тәжірибелерді сараптап, елімізді пайдалану маңызды екенін ескерген жөн, - дейді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...