Орал өзенінің жағдайы форумда талқыланатын болды

18 Қыркүйек 2020, 10:18
1257
Бөлісу:
Орал өзенінің жағдайы форумда талқыланатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарашада Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресей елдері шекаралық әріптестігі форумы өтеді. 

Жиында негізгі басымдық Орал өзенінің жағдайын талқылауға беріледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысы жұртшылығымен болған онлайн-кездесуде мәлімдеді.

Мемлекет басшысының бастамасымен осы жылы қарашада Көкшетауда өтетін шекаралық әріптестік форумында басымдық Орал өзенінің жағдайына, Жайық өзеніндегі проблемаларға беріледі. Біз Ресей Федерациясына бірнеше рет барып, бұл мәселелерді көтергенбіз, - деді Мырзағалиев. 

Онлайн-кездесуге қатысқан Экология министрлігі шекаралық өзендер департаментінің директоры Әлия Шалабекова өзенде гидрологиялық зерттеу жүргізу туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты. Аталған зерттеуде гидротехникалық ғимараттардың өзенге әсері де ескеріледі. 

Zoom-жүздесу барысында Батыс Қазақстан облысы тұрғындары министрлік өкілдерімен өңірдегі экологиялық проблемаларды шешуге арналған Жол картасы жобасын да талқылады. Жоспар экологияны жақсартуға негізделген жиырмаға жуық іс-шарадан тұрады. Оның ішінде мемлекеттік орман қорындағы жасыл алқаптар аумағын 2025 жылға дейін 782 гектардан 1200 гектарға жеткізу, жолаушылар көлігінде дизель отынын пайдалануға тыйым салу, өндіріске қалдықтар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу және тағы басқа атқарылатын жұмыстар бар. 

Жол картасы халықтың ұсыныстары ескеріліп, екі апта ішінде дайындалып бітеді.

Өзгелердің жаңалығы