Қорғаныс саласы отандық өндірістің техникаларымен толығады

14 Қыркүйек 2020, 22:22
1916
Бөлісу:
Қорғаныс саласы отандық өндірістің техникаларымен толығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері отандық өндірістің жаңа радиолокатарлық станциясымен жабдықталған.

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев бөлімдер мен құрамаларды аралау барысында 2019 жылы Ақтау гарнизонына қызметке түскен «НҰР» GM 403 радиолокатарлық станцияның жұмысымен таныстырылды.

Әскери техниканы өндіруші «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ құрамына кіретін «Гранит-Талес Электроникс» қазақстандық кәсіпорыны.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мамандарының пікірінше «Нұр» GM 403 радиолокатарлық станциясы жағымды жағынан көрсетті. Болашақта «Нұр» радиолокатарлық станцияларын әуе шабуылына қарсы қорғанысының барлық бөлімдеріне, соның ішінде биыл әскери бөлімдердің біріне жеткізу жоспарлануда.
Өзгелердің жаңалығы