Әскерлердің жауынгерлік дайындығы тексерілді

12 Наурыз 2019, 14:55
2351
Бөлісу:
Әскерлердің жауынгерлік дайындығы тексерілді

Астана, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің жетекшілік етуімен «Көктал» және «Сарышаған» полигондарына барды. 

Алматы облысындағы полигонда Бас штабының бастығы армиялық авиацияның, арнайы операциялар күштерінің, сондай-ақ танкіге қарсы артиллерия бөлімшелерінің жауынгерлік оқу барысын тексерді. 

«Рапира» МТ-12 танкіге қарсы зеңбіректерді қолдана отырып, таулы жағдайда танкіге қарсы батареяның оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындауға көңіл бөлінді. 

Онда алғаш рет оқ атулар лазерлік қашықтық өлшеуіштің көмегімен орындалды. Тактикалық оқу-жаттығу барысында танкіге қарсы батареяның жеке құрамы іс жүзінде қорғаныс ұрысында дайындалған және дайындалмаған шептерде өрістете отырып, қарсыластың броньдалған объектілерін түзу нысанаға ала отырып, оқ атумен жою бойынша тапсырмаларды орындады. 

Қарағанды облысындағы полигонда минаатқыш бөлімшелері «Тюльпан» минаатқышынан оқ атуларды орындады. Айта кетейік, «Тюльпан» 2С4 240 мм өздігінен жүретін минаатқыш ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің жарақтандыруында тұрғанын және әлемдегі ең қуатты минаатқыш болып табылады.
 
«Минаатқыштың жауынгерлік мүмкіндіктері 130-дан 240 келіге дейінгі салмақпен 800 метрден бастап 20 шақырымға дейінгі қашықтықта жолы қиын аудандарда қарсыласты жоюға мүмкіндік береді. Оқ атулар барысында қолданылатын «Смельчак» реттелетін мина кернеудің жоғары дәлдігіне ие. Бұл жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде уақыт пен оқ-дәрілердің шығысын қысқартуға мүмкіндік береді», - делінген ведомствоның хабарламасында.  

Тексеру барысында генерал-лейтенант Мұрат Майкеев сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы қолдануға жеке құрамның дайындық сапасына назар аударып, түнгі уақытта таулы жағдайда армиялық авиацияны қолдану жөніндегі ҚР ҚК ӘӘК басшылығының сауатты әрі жоғары кәсіби іс-әрекеттерін, әскери-көлік және армиялық авиацияның іс-қимылдарын қамтамасыз ететін далалық әуеайлақтардың дайындығы мен жабдықталуына назар аударды.
Өзгелердің жаңалығы