Қорғаныс министрлігі Арыстағы әскери бөлімнен оқ-дәріні тасымалдап үлгермегенін айтты

25 Маусым 2019, 11:41
3147
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі Арыстағы әскери бөлімнен оқ-дәріні тасымалдап үлгермегенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов Арыстағы әскери бөлімше қоймаларындағы оқ-дәрілер туралы айтты. 

Журналистер оқ-дәрілері бар қойманың қашықтығы қандай екенін сұрады. 

«Қоймалар 200 метрге дейін қашықтықта орналасқан. Біздің ережелеміз бойынша, олар үш километрден де алыс болуы тиіс. Бірнеше рет қашықтықты 10 километрге ұзарту үшін құжаттар тапсырғанбыз. Алайда ол үшін адамдарды көшіру керек еді. Темір жол 800 метрде орналасқан. Біз 2005 жылдан бері басқа аумақтарға оқ-дәрі тасымалдаумен айналысамыз. Қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан, біз бәрін тасымалдап үлгермедік», - деді Бектанов.

Арыс қаласында оқ-дәрілерді сақтау базасы 1960 жылдары салынған. Ол үш техникалық аумақтан тұрады.

«Бұл – қарулы күштер базасы. Базаның құрамында күзетті, барлық техникалық қызметкерді қосқанда 400 жуық адам бар. Барлық атыс, артиллериялық оқ-дәрілер сақталған. Авиациялық оқ-дәрілер жоқ», - деді министрдің орынбасары.

Ол Арыс қаласындағы негізінен басшылық қызмет офицерлері, шарт бойынша қызмет етететін әскери қызметшілер болғанын хабарлады. Жедел қызмет сарбаздары жоқ.

«Жарылысқа қарамастан, әскери қызметшілер өртті сөндіруді жалғастырды. Шынжыр табанды техникамен танк базасында екінші және үшінші аумақты өз бетінше сөндіріп үлгерді. Қазір 500 сапер мен бірлік техника кешегі күннен бастап оқиғаның салдарын жоюға қатысып жатыр. Бірінші кезекте Арыс елдімекеніндегі оқ-дәрілерден тазаланады», - деді Бектанов.

Сонымен қатар, оқиға орнына барлау, минасыздандыру, салдарын жою мақсатында әртүрлі жұмыстар жүргізу үшін жалпы саны 1800 адам тартылды. Патрульдеуді әскери полицияның қатысуымен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері жүргізеді. Оның ішінде әскери полицияның қатысуымен. 
Бектанов қаза тапқан әскери қызметкердің өрт сөндіру кезінде көз жұмғанын айтты.

«Қайтыс болған жігіт бірнеше жыл қызмет еткен. Қазір бәрі анықталып жатыр. Ол өрт сөндіру кезінде қаза тапты. Ол жергілікті келісімшарт қызметшісі», - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы