Қорғаныс министрлігі 92 млн жымқырған басқарма басшысына қатысты түсінік берді

27 Маусым 2020, 11:16
1541
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі 92 млн жымқырған басқарма басшысына қатысты түсінік берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында әскери ғимарат құрылысына бөлінген 92 млн теңге қаражатты жымқырғандар ұсталған болатын. Осыған байланысты қорғаныс министрлігі түсінік берді.

Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚК ӘПОББ күрделі құрылыс басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқандығын айтқан болатын.

ҚР ҚК әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы 2015-2016 жылдары мердігерлік ұйыммен әскери бөлімдердің бірінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге келісімшарт жасасты. Құрылыс-монтаж жұмыстары уақытында аяқталып, нысан шартта белгіленген мерзімде тапсырылды. Пайдалануға қабылдау туралы актіге 2016 жылдың 26 қыркүйегінде қол қойылды, - делінген хабарламада.

Министрлік сонымен қатар, қазіргі уақытқа дейін ғимараттардың бір бөлігі режимдік үй-жайлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеу себебінен пайдаланылмайды деп отыр. 

Қорғаныс министрлігінің қазіргі басшылығы әскери нысандар  құрылысының сапасы, өткен жылдардағы шарттарды адал орындамау фактілері, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалардың осы мәселелерде сыбайластыққа жол бермеу туралы мәселесін бірнеше рет көтерді. Атап айтқанда, бұл мәселені қорғаныс министрі ағымдағы жылғы 15 маусымдағы аппараттық кеңесте жария етіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау жөнінде нұсқау берілді, - делінген қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет СДТБТ-да мердігер ұйымның шарттық міндеттемелерін адал орындамау фактісі бойынша № 203500131000094 материал тіркелді. Лауазымды адамдардың кінәлілігі мен жауапкершілік шарасы осы факті бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау нәтижелері бойынша белгіленетін болады.
Өзгелердің жаңалығы