Бас жаңалықтар
Қорғаныс министрі Отардағы қару-жарақтардың сақталуын тексерді
12 Шілде 2019, 02:00 203

Қорғаныс министрі Отардағы қару-жарақтардың сақталуын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отарға жұмыс сапарымен барған ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қару-жарақтардың сақталу тәртібі мен жағдайын, жеке құрамның өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау барысын тексерді.

Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, ведомство басшысы жауапты тұлғалардың зымырандар мен қару-жарақтарды сақтау тәртібі, қаруландыру, әскери және арнайы техника, сонымен қатар, өзгеде материалдық-техникалық қажеттіліктерді қамтамасыз ету туралы баяндамасын тыңдады.

Тексеріс нәтижесі бойынша, әскерилердің өрт және диверсиялық әрекеттерге қарсы кауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау, қаруландыру мен әскери техника, қару-жарақтарды сақтау бойынша нысанның қауіпсіздігін арттыру мақсатында нақты міндеттер анықталды.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық