Қорға 9,7 млрд теңге жарна түсті – МӘМС

6 Желтоқсан 2019, 05:39
1875
Бөлісу:
Қорға 9,7 млрд теңге жарна түсті – МӘМС

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2019 жылдың 1-30 қараша аралығында 9,7 млрд теңге түсті.

Қордың баспасөз қызметінен хабарлағандай, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 30 қараша аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 234 млрд теңгені құрады. Оның 224,8 млрд теңгесі (96,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,9 млрд теңге (3,8% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.


Өзгелердің жаңалығы