Оқушыны зорлау оқиғасы: БҒМ Алматыдағы жекеменшік мектепті тексереді

12 Мамыр 2022, 14:32
1637
Бөлісу:
Оқушыны зорлау оқиғасы: БҒМ Алматыдағы жекеменшік мектепті тексереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрлігі Алматыдағы «Мариям» жекеменшік мекемесін тексереді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен Балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер «Мариям» жекеменшік ұйымында оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайларды зерттеу үшін Алматыға барды.

Қалалық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр, зорлық-зомбылық әрекеттерінің жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды.

Біз бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Бүгін профилактикалық іс-шараларды жүргізу мақсатында «Мариям» жекеменшік мекемеде тексеру жүргіземіз. Сонымен қатар оқушының отбасына да барып, қажетті көмек көрсетеміз. Балаға психологиялық көмек көрсетіледі. Тергеудің қорытындыларына байланысты шаралар қабылданады. Сараптама нәтижесін күту маңызды. Құқық қорғау органдарымен байланыста боламыз, - деді Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Бұған дейін «Мариям» жекеменшік мектебінің үш 7-сынып оқушысы 1-сынып оқушысын сабақ үстінде зорлағаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы