Оқушылар мен студенттердің қысқы демалысы ұзартылды

6 Қаңтар 2022, 13:05
2179
Бөлісу:
Оқушылар мен студенттердің қысқы демалысы ұзартылды
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде оқушылардың қысқы демалыстары 17 қаңтарға дейін созылды.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, колледж және университет студенттері 24 қаңтарға дейін демалады.

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова атағандай, ол әр оқу орнының өз оқу бағдарламасына байланысты болады.

Бүгінгі күні мектепке дейінгі мекемелер, балабақшалар штаттық режимде жұмыстарын жалғастырып жатыр. Әр нақты жағдайға және жергілікті органдардың шешімдеріне байланысты балабақшалар балаларды қабылдауды жүргізеді, - деді министрлік өкілі.

Өзгелердің жаңалығы