Жоғалып кеткен оқушы қыздар жалдамалы пәтерден табылды

23 Қаңтар 2020, 10:06
2475
Бөлісу:
Жоғалып кеткен оқушы қыздар жалдамалы пәтерден табылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жоғалып кеткен екі оқушы қыз Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерден табылды. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін түнде полиция қызметкерлері жасөспірімдерді Алматыдан тауып, ата-аналарына тапсырды.


Іздеу жұмыстары барысында біздің жедел іздестірушілеріміз жоғалған балаларды Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тапты. Екі қыз да дін аман. Оларды ата-аналарына тапсырды. Белгілі болғандай, жасөспірімдер Алматыға таксимен жеткен. Олардың ата-аналарының үйінен неліктен кетіп қалғаны анықталып жатыр. Жоғалған балаларды іздестіру жұмыстарына атсалысып, көмектескен адамдардың барлығына алғыс білдіреміз, - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы облысында екі оқушы қыз жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы