Дәрігер әкесі оқ атып, жарақаттанған баланың жағдайы туралы айтты

21 Қазан 2019, 15:15
5092
Бөлісу:
Дәрігер әкесі оқ атып, жарақаттанған баланың жағдайы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық дәрігерлер әкесі мен өгей шешесінің ұрыс-керісі салдарынан оқ жарақатын алған 5 жастағы баланың жағдайы туралы айтты.

20 қазан күні кешке ішінен оқ жарақатын алған бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Балаға лапароскопиялық операция жасалды. Қазіргі кезде ол анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр.

"Баланың жағдайы тұрақты ауыр жағдайда. Дегенмен, оның жағдайы жақсарып келеді. Барлық қажетті тексеру жұмыстары жасалып жатыр. Бүлдіршін медициналық көмекпен толық қамтылған", - деді Нұр-Сұлтан қаласы № 2 балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмаилов.
Айта кетейік, отбасылық ұрыс-керіс барысында ішімдікке мас болған 59 жастағы ер адам әйеліне оқ атып, ұлын жарақаттап алған. Әйел оқ жарақаты салдарынан қаза болды. Бала ауруханаға жеткізілген болатын.
Өзгелердің жаңалығы