Оңтүстік Кореядағы орман өрті 357 футбол алаңындай жерді жайпаған

23 Ақпан 2021, 19:15
2257
Бөлісу:
Оңтүстік Кореядағы орман өрті 357 футбол алаңындай жерді жайпаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі өрт 21 ақпанда басталды. Құрғақшылық пен қатты жел жалынның сөнуіне жол бермей отыр.

Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс бөлігінде 21 ақпанда жаппай өрт шықты. Өрт Андон мен Ечхон қалаларының маңындағы 255 гектарға жуық орманды жойды, деп жазды Yonhap.

Тілсіз жаумен екі мыңға жуық өрт сөндіруші мен ондаған арнайы көлік күресуде. Қатты желге байланысты өрт тез таралуда.

Жергілікті биліктің айтуынша, өрттің шығуына тұрғындардың қоқысты өртеуі себеп болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы