Оңтүстік Кореяда вакцинация сертификаты барлық жерге «рұқсат құжаты» болмақ

13 Қазан 2021, 15:45
14498
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда вакцинация сертификаты барлық жерге «рұқсат құжаты» болмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда вакцинация сертификаты барлық жерге «рұқсат құжаты» ретінде қолданылмақ. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналы хабарлады.

Оңтүстік Корея вакцинация сертификатын кез келген жағдайға «рұқсат құжаты» етуге ниетті. COVID-19 төлқұжаты – бұл жаппай іс-шараларға, түрлі қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерге еш шектеусіз кіру құқығы. Осындай ұсынысты Үкіметтің пандемиядан кейінгі кезеңге өту жөніндегі комитетінің отырысында Премьер-министр Ким Бу Гём білдірді. 

Сонымен қатар эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарамастан, масканы міндетті түрде тағудың күші жойылмайтыны аталып өтті. Пандемия басталғаннан бері Оңтүстік Кореяда коронавирус инфекциясының 335 742 фактісі тіркелді. 

Ал Америка Құрама Штаттарының ең ірі Boeing авиакомпаниясы қызметкерлерінен вакцина алғандарын растауды талап етті. Компания басшылығы америкалық мердігерлер үшін АҚШ Президенті Джозеф Байден шығарған бұйрықты ұстанатынын түсіндірді. Құжатқа сәйкес, қызметкерлерінің жалпы саны 100-ден асатын компаниялар өз қызметкерлерінен COVID-19-ға қарсы вакцинацияны талап етуі керек. 

Ұшқыштар, стюардессалар және қызметкерлер жұмысты жалғастыру үшін 8 желтоқсанға дейін вакцинация сертификаттарын немесе медициналық анықтама ұсынуы қажет.


Өзгелердің жаңалығы