Бас жаңалықтар
Onlinemektep жобасын 3500 мектеп пайдаланып отыр – Санжар Кенжеханұлы
16 Қыркүйек 2020, 17:46 51

Onlinemektep жобасын 3500 мектеп пайдаланып отыр – Санжар Кенжеханұлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде күн сайын Onlinemektep жобасын 3500 мектеп пайдаланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен сараптамалық брифингте Bilim media group атқарушы директоры, Onlinemektep жобасының жетекшісі Санжар Кенжеханұлы мәлімдеді. 

Bilim media group мекемесі цифрлық жүйеде 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Пандемия басталғаннан бері арнайы видеосабақтарға атсалысып жатырмыз. Өткен оқу жылының төртінші тоқсанында 3000 сабақ шығарған болатынбыз. Оның бәрі оқушыларға қолжетімді болды. Ал жаз айында қашықтан оқытуға дайындықты бастады. Өзімізде 250 мың маман бар. Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мектебімен әріптестік орнаттық. Ол жақтағы 500 мұғаліммен бірлесіп, Onlinemektep платформасына сабақтарды жүктедік. Үш ай жаз мезгілінде 42 пән, қазақ және орыс тілінде 5 700 мың сабақ, 40 мыңға жуық интерактивті жаттығу дайындадық. Қазақстан бойынша 3500 мектеп оқыту барысында осы платформаны пайдаланады, - дейді Санжар Кенжеханұлы.
Оның айтуынша, қазіргі кезде барлық техникалық ақаулар түзелген. Сондықтан ешқандай мәселе жоқ. 
Платформада күніне 2 млн-ға жуық сабақ өтеді, 14 млн интерактивті жаттығу, 100 мыңға жуық үй жұмысы орындалады. Одан бөлек, мұғалімдердің өздері құрастыратын сабақтар саны 200 мыңға жетеді. Onlinemektep платформасында күн сайын 30 миллионнан астам қаралым тіркеледі. Интернет статистикаға сүйенсек, бұл 5 млн пайдаланушы платформаны күнде пайдаланады деген сөз. Басында техникалық ақаулар болды, қазір оның бәрін жойдық, - дейді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...