Онлайн шахмат ойынында Қазақстан Сингапурды жеңді

4 Мамыр 2020, 09:16
1676
Бөлісу:
Онлайн шахмат ойынында Қазақстан Сингапурды жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Сингапурдың жас шахматшылары онлайн матч өткізді, деп хабарлады Prosports.kz.

Ойынға екі тараптан 20 шахматшы қатысты - әр жас тобындағы екі ұл мен қыз (12, 14, 16, 18 және 20 жасқа дейін) қатысты.

Қазақстан ұлдар командасы сингапурлік құрдастарын 5,5:4,5 есебімен жеңді. Ал қыздарымыздың жеңісі сенімдірек болды - 8.5:1.5. 

Матчтың жалпы есебі 14:6 - Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.


Өзгелердің жаңалығы