Петропавлдық ұстаз онлайн жүйеде оқытудың тиімді тәсілін ұсынды

8 Сәуір 2020, 16:48
2580
Бөлісу:
Петропавлдық ұстаз онлайн жүйеде оқытудың тиімді тәсілін ұсынды

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Данияр Уәлиев онлайн оқутыдың жаңа жүйесін ұсынды. Қазақстан бойынша 20 мектеп 4-тоқсанда білім беру үрдісін аталған әдіс бойынша жалғастырды. 

Назарбаев Зияткерлік мектептері 4-тоқсанды орта білім беретін өзге мекемелер сынды қашықтықтан емес, онлайн жүйеде бастап кетті. Олар бұл жүйеге арнайы Microsoft Teams бағдарламасының арқасында қол жеткізіп отыр. Бұл жаңашылдықты Петропавл қаласындағы зияткерлік мектеп алғаш болып өз тәжірибесіне енгізген. 

Қазіргі жағдайда Microsoft Teams –  қашықтықтан білім беру үшін таптырмас бағдарлама. Біздің ұжым оны екі жылдан бері пайдаланып келеді. Осы орайда мектебіміздің директоры Нұрғали Елшібековтың бастамасын атап өту дұрыс болар еді. Өйткені, аталған бағдарламаны тәжірибемізге енгізген сол кісі болатын. Әсіресе, қыста күн суытып, ауа райына байланысты балалар сабақтан босатылған кезде біз білім беру үрдісін осы бағдарлама арқылы жалғастырып келдік. Бүгінгі күні тағы да сол тәжірибемізді еш қиналмастан жүзеге асырып жатырмыз. Бағдарламаның ең басты артықшылығы – оның қауіпсіздігінде. Ондағы ақпараттарды хакерлердің бұзу фактісі бұған дейін тіркеліп көрмеген. Мен Microsoft Teams бағдарламасын пайдалануды петропавлдық және алматылық әріптестеріме үйреттім. Өз тәжірибеммен бөлісуден, білгенімді басқаларға үйретуден және үйренуден жалықпаймын, - дейді Данияр Серікұлы. 

 Осындай жетістікке қол жеткізгені үшін тәжірибелі ұстаз Microsoft Kazakhstan командасының Алғыс хатымен марапатталды. Данияр Серікұлы Microsoft Innovative Education Expert 2019-2020 маманы – арнайы сертификат иегері. Ол Алматы қаласындағы барлық мемлекеттік мектеп мұғалімдеріне елімізде төтенше жағдай орнап, барлық білім беру мекемемелері қашықтықтан оқытуға ауысқан уақытта аталған қосымшаны пайдаланудың қыр-сырын үйреткені үшін осындай марапатқа ие болды. 

WhatsApp Image 2020-04-08 at 16.45.25.jpeg

"Данияр әріптестеріне зор қолдау көрсетіп, білім беру үрдісінде сандық қосымшаларды пайдаланудың нағыз маманы, тәжірибелі ұстаз ретінде өзін көрсете білді. Оның Қазақстанның білім беру саласына сіңіріп жүрген үлесі өлшеусіз" делінген ресми құжатта. Сонымен қатар, Microsoft Kazakhstan командасы мектеп ұжымына кез келген уақытта, кез келген қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізген.

Петропавл қаласында карантин басталған күннен үйдемін. Уақытты зая кетірмей, балалармен барынша пайдалы іспен айналысуға күш салып жатырмыз. Бүгін 4-тоқсанның алғашқы күні басталды. Бәрі ойдағыдай өтті. Үйде 4 оқушы бар. Бәрінің сабағы бір уақытта болды. Қызым Жайна Орынбек Петропавл қаласындағы НЗМ-де 7 сыныпта оқиды. Сабақтарын өзім қадағалап жүрдім. Бәрін оналайн жүйеде жақсы меңгеріп жатыр. Жарқын күндерде қауышайық. Ұстаздарымыздың еңбегі жанып, балаларымыз білім нәрімен сусындай берсін, - дейді ата-ана Алмагүл Мұқанова. 

Бүгін білікті маман жақын күндері Нұр-Сұлтан қаласының барлық мектебіне арналған вебинар өткізбек. 

Өзгелердің жаңалығы