Тұрғындар дәрігерлерден онлайн кеңес ала алады

1 Сәуір 2020, 16:01
2719
Бөлісу:
Тұрғындар дәрігерлерден онлайн кеңес ала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин кезінде қазақстандықтар 1430.kz порталында тәжірибелі дәрігерлерден бейне кеңес ала алады.

Бейне кеңес алу үшін порталға тіркеліп, қажетті дәрігерді таңдап, онлайн-қабылдауға жазылулары қажет.

Содан соң дәрігер жазылу туралы хабарлама алады. Алдын ала пациенттің талдау қорытындылары мен оның медициналық картасын қарап шығады. Барлығы дайын болған кезде тұрғынға бейне кеңес береді. Қажет болған жағдайда ол күндізгі қабылдау тағайындай алады, - делінген хабарламада.

Бүгінде порталда 700-ден астам білікті дәрігерлер тіркелген, олар еліміздің барлық аймағынан келген халыққа қашықтықтан медициналық көмек көрсетеді. Дәрігер туралы толық ақпарат 1430.kz порталында көрсетілген.

Пациенттер үшін, әсіресе карантин жағдайында, бұл уақытты үнемдеп қана қоймай, онлайн медициналық қызметтің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады

Өзгелердің жаңалығы