Онкологиялық науқастарға жыл сайын 40 млрд теңге бөлінеді – министр

18 Наурыз 2019, 11:44
2441
Бөлісу:
Онкологиялық науқастарға жыл сайын 40 млрд теңге бөлінеді – министр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онкологиялық пациенттерге медициналық қызмет көрсету үшін жыл сайын 40 млрд теңге бөлінетінін айтты.

«Онкологиялық пациенттерге медициналық қызмет көрсету үшін жыл сайын республикалық бюджеттен 40 млрд теңге шамасында қаржы бөлінеді. Кешенді жоспарға сай, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер, скринингтер, молекулалық-генетикалық тестілеу, сәулелік терапия қызметтерін кеңейтуге жыл сайын 8 млрд теңгеден астам қосымша қаржы көзделген. Сондай-ақ, 3,2 млрд теңге сомасына жабдықтарды алу жоспарланған. Өңірлерде онкологиялық қызметті дамыту үшін жабдықтардың негізгі бөлігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде алынады», - деді Елжан Біртанов Мәжіліс үйінде өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Бұған дейін министр Біртанов жиында «елімізде 181 мың пациент қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік бақылауда тұр» деген болатын.

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы