Онкологиялық ауруы бар науқастарға вакцина салдыруға бола ма?

12 Наурыз 2021, 15:33
3583
Бөлісу:
Онкологиялық ауруы бар науқастарға вакцина салдыруға бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Онкология және радиология ҚазОРҒЗИ» АҚ Басқарма төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Академигі, Қазақстан онкологтар қауымдастығының төрайымы Диляра Қайдарова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 қарсы вакцинация: сарапшылардың пікірлері және негізгі ұсыныстар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

Қазір барлық онкологтар қауымдастығы онкологиялық ауру бар науқастарға вакцина салдыру мүмкіндігі туралы мәселені талқыға салуда. 2021 жылдың ақпан айында Америкалық онкологтар қауымдастығының мұндай науқастардың белгілі бір категориясына арналған вакцинациялау жөніндегі хаттамасы дайын болды. Мысалы, пациент ремиссия деңгейінде болса, онда олар толық диагностикалық тексеруден өткеннен кейін вакцина алуына болады. Бірақ, бұл әлі түйіні қойылмаған мәселе. Дегенмен, америкалық және уеропалық онкоқауымдастықтар онкологиялық ауру бар науқастарға өлі вирусы бар вакцина салуды ұсынып отыр. Сондықтан, біз осы стандарттарға сай келетін өзіміздің отандық вакцинаның қолданысқа берілуін күтіп отырмыз, - деді ол.

Айта кетейік, Диляра Қайдарова бұған дейін былтыр наурыз айынан бүгінге дейін 5600-ге жуық онконауқас коронавирус жұқтырғанын, оның ішінде 45 науқас дәл осы коронавирустан қаза болғанын мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы