Өңірде 45 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылды — Шөкеев

10 Қаңтар 2022, 09:39
1205
Бөлісу:
Өңірде 45 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылды — Шөкеев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысының қала мен аудандары және өзге облыстар аумағы арасында блокпост қойылды. 

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бекеттерді аралап, тапсырмалар берді Аймақта түнгі 23.00 мен таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Елдімекендер арасында және облыстан шығатын жерлерде бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылған.

Өңірде 45 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылды — Шөкеев

Өңір басшысы осы күрделі әрі қиын кезеңде сабырлық танытып, ел болашағына жауапкершілікпен қараған өңір тұрғындарына алғысын жеткізді. Қазіргі таңда басты мәселе ел тыныштығы екенін айтты.

Өңірде 45 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылды — Шөкеев

Түркістан облысында жағдай тұрақты. Инфрақұрылым толық жұмыс істеп тұр. Қоғамдық көліктер жүріп жатыр. Өңірде азық-түліктің қоры жеткілікті. Жанар-жағармай жеткізетін компаниялармен тұрақты жұмыс жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты өңірде 45 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылды. Оған полиция мен өңірде орналасқан күштік құрылымдардың өкілдері тартылған, — деді Өмірзақ Шөкеев.

Өңірде 45 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылды — Шөкеев

Жалпы, Түркістан облысында жағдай тұрақты. Ел азаматтары, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары мен белсенді жастары ел тыныштығын сақтау бағытында бірлесе жұмыс атқарып жатыр.

Өңірде 45 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылды — Шөкеев

 

Өңірде 45 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылды — Шөкеев
Өзгелердің жаңалығы