Өңір шаруалары көкөніс жинау науқанын аяқтауға жақын

19 Қазан 2020, 14:46
1195
Бөлісу:
Өңір шаруалары көкөніс жинау науқанын аяқтауға жақын
Фото: автордан

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде көкөніс жинау науқаны аяқталып жатыр. Қазіргі уақытта көкөнісшілер қызылша жинаумен айналысуда.

Қазіргі уақытта облыстағы қоймаларға 600 тонна картоп пен 230 мың тоннадан астам көкөніс өнімдері жиналып қалды. Жазғы қуаңшылыққа қарамастан, өнімнің сапасы мен мөлшеріне әсерін тигізе қойған жоқ. Бүгінде бір гектардан 450 центнер картоп алынуда. Бір бөлігін жақын шетелге тасымалдауға мүмкіндік бар. 

Картоп жинау бойынша Ақтоғай ауданында ірі шаруашылықтар бар. Мәселен, «Ақтоғай агро» кәсіпорны 1000 гектар жерге көкөніс өнімдерін салып, жемісін көруде. Шаруа қожалығы директорының орынбасары Виктор Дубовицкийдің айтуынша, осы жылы көкөністің 8 сұрыбы егілген. 

Нәтиже жаман емес. Жазда топырақтың температурасы +65 градусқа жетті. Алқаптарды күніне бірнеше рет суарып, көкөністің күйіп кетпеуіне жол бермедік. Қазіргі уақытта күніне 500 тонна картопты ішкі және сыртқы нарыққа жөнелтіп жатырмыз. Күніне 100-ге жуық жұмысшы еңбекке араласуда. Оларды көрші Ертіс ауданынан тарттық. Сағатына 480 теңге төлеп жатырмыз. Көкөністерді іріктеуде тек адам күші қажет, - дейді Виктор Дубовицйий. 

Көктемге дейін көкөніс өнімдерінің тағы 500 тоннасын қоймаларда сақталады. Сапасын сақтау үшін қосымша тоңазытқыш орындары бой көтеруде.

 



Өзгелердің жаңалығы