Бас жаңалықтар
Өңір бойынша қандай мамандықтар тапшы?
13 Қаңтар 2021, 16:46 99

Өңір бойынша қандай мамандықтар тапшы?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның деректері бойынша, 2020 жылдың VI тоқсанында Электрондық еңбек биржасында біліктілікті талап ететін 165,6 мың бос жұмыс орны және 74,5 мың резюме орналастырылған.

4-тоқсан бойынша ең көп бос жұмыс орындары қазан айында – 68,2 мың бос жұмыс орны (41%) және 33 мың резюме (44%) орналастырылды. Жалпы, жыл соңына қарай жалдау және жұмыс іздеу бойынша хабарландыруларды орналастыру үрдісі төмендегені байқалады. Осылайша, 4-тоқсанда бос жұмыс орындарының жалпы саны 3-тоқсанмен салыстырғанда 6,3%-ға, ал резюмелер саны 37%-ға азайды.

2020 жылғы 4-тоқсанда білікті қызметкерлер үшін бос жұмыс орындарының саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс берушілердің ең көп ұсынысы келіп түсті: тиісінше 18,3 мың және 18 мың. Қарағанды облысында – 17,4 мың, – деді ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков. 

VI тоқсанда орналастырылған түйіндеенің ең көп саны батыс өңірлеріне: Атырау (6,2 мың) және Маңғыстау облыстарына (6 мың) тиесілі болды. 

Кәсіптік топтар бөлінісінде жұмыс берушілерде өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас кәсіптер жұмысшыларының топтары сұранысқа ие болды; мамандар-кәсіпқойлар; сондай-ақ өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілер – әрбір санат үшін ЭЕБ-да 34 мыңнан астам бос жұмыс орны. 

ЕРДО-ның деректеріне сәйкес  VI тоқсанда резюме мен бос жұмыс орындарының арақатынасы бойынша тапшы мамандықтар қатарына қазандық операторлары (3,4 мың бос жұмыс орны), күзетшілер (3,1 мың), тігіншілер (2,3 мың), қазандық машинистері (от жағушылар) (2,2 мың), сатушылар-кассирлер (2,2 мың) кірді. Резюме мен бос жұмыс орындарының арақатынасы бойынша артық кәсіптердің тізімін заңгерлер бастап тұр. 

Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында заңгерлер артық. Бұл ретте Атырау және Маңғыстау облыстарында автокөлік жүргізушілерінің, Ал Қостанай облысында мал өсірушілерінің көп екені байқалады, – деп қорытындылады сарапшы. 
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында қазандық операторлары мен қазандық машинистері (от жағушылар) жетіспейді, бұл жұмыс маусымдылығымен байланысты болуы мүмкін. Ақмола облысында ауыл шаруашылығының инженер-механизаторлары, Алматы облысында – әлеуметтік қызметкерлер мен фельдшерлер, Қарағанды облысында – шошқа өсіру кешендері мен механикаландырылған фермалардың күзетшілері мен операторлары, Қостанай облысында – автомобиль жүргізушілері, Қызылорда облысында – сатушылар-кассирлер, Маңғыстау облысында – диспетчерлер-операторлар, Павлодар облысында – есепке алу техниктері, ал Шығыс Қазақстан облысында – электргазбен дәнекерлеушілер тапшы. Елордада жүргізушілер, бетоншылар мен күзетшілер, Алматыда – офис-менеджерлер мен кассирлер, ал Шымкентте-тігіншілер тапшылығы байқалады.


Фото: дереккөз
Загрузка...