Қазақстанда өнеркәсіптік өнім 1,2% арзандады

5 Ақпан 2019, 19:08
2580
Бөлісу:
Қазақстанда өнеркәсіптік өнім 1,2% арзандады

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанда өнеркәсіптік өнім шығаратын кәсіпорындардың бағасы 2019 жылдың қаңтар айында алдыңғы аймен салыстырғанда 1,2% төмендеген. 2018 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9,6% өскен. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.  

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бағаның төмендеуі тау-кен өндіруші өнеркәсіпте 2% болса, өңдеуші өнеркәсіпте 0,6% ұлғайған. Өнеркәсіптік өнім 1,2%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 0,8% арзандаған. 

Қаңтар айында өндіруші-кәсіпорынның бензин, пропан және бутанға бағасы 5% төмендесе, мұнай – 2,9%, мазут – 1,4% арзандады, ал көмір бағасы - 7,9%, табиғи газ – 1,5%, металл рудалар – 0,5% қымбаттай түскен. 

Қорғасын бағасы - 3,8%, алюминий – 1,8%, қара металды жалға алу – 0,9%, ферроқорытпалар – 0,7% ұлғайғаны байқалған. 

Өндірушілердің бағасы қантта 0,5%, қарабидай ұнында – 0,3% арзандаса, жармалар 7,1%, күріш – 4,6%, бидай ұны – 3,1%, мал еті – 2,2%, құс еті – 1,5%, балық - 2%, сүт өнімдері 1,4%, шай – 0,8%, күнбағыс майы – 0,3% қымбаттай түскен.

Өзгелердің жаңалығы