Бас жаңалықтар
«Өнер шыңына ұмтылыс» көрмесі ашылды
PHOTO
23 Қазан 2020, 20:20 176

«Өнер шыңына ұмтылыс» көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында белгілі кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Қазақбай Әжібекұлының «Өнер шыңына ұмтылыс» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылды.

Көрмені көрмекке келген қадірлі қонақтардың арасында суретшілер Камиль Муллашев, Өмірәлі Исмаилов, композитор Төлеген Мұхамеджанов, музыкант Бекболат Байсағатов, ақын Дәулеткерей Кәпұлы бастаған тағы да басқа танымал тұлғалар болды.

Көрмеге 1997–2020 жылдар аралығында жасалған суретшінің отызға жуық жұмысы қойылды. Шығармашылығының алғашқы кезеңін ХХ ғасырдың 90-шы жылдары соңындағы туындылары бейнелейді. Соңғы онжылдықтағы жұмыстар автордың шығармашылық және жеке эволюциясын көрсетеді.

Қазақбай Әжібекұлы қылқалам шеберлерінің шығармашылық ізденістерінің басты желісін – қазақ халқының дәстүрлі бастаулары мен рухани мұрасының жандануын бейнелейді. Тәуелсіздіктің әрбір жылдығы Еліміздің, Қазақстан азаматтарының болашағына серпінді қозғалыстың шарты ретінде өткенді талдауға ұйытқы болып табылады. 

Іс-шараны Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов ашты.

Қазақбайды қазіргі Қазақстанның бейнелеу өнерінің көш басында келе жатқан суретшілердің бірегейі десек те болады. Өйткені Сарыарқаның төсінен орын тепкен Елордамыздың алғашқы бейнесін Елбасымен байланыстыра білген Қазақбайдың шығармашылығы қашан да алыстан ерекше сөйлеп тұрады. Автор өзіндік қолтаңбасы бар өнерлі жан, ол өз жұмыстарында халықтың мәдениетін, еліміздің мәдени құндылықтарын оның ұлттық идеясын уақыт пен қазіргі өмірдің өзара астасып жатқанын шынайы суреттейді. Көрмеге қылқалам шеберінің ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорында сақталған бұрынғы жұмыстары мен әлемдік қауымдастықты толғандырған көзқарастар тұрғысынан алғанда адамзатты ойландыратын жаңа дүниелері, туған халқының ұлттық бейнесін сомдаған тың туындылары да қойылды - деді ол..

Бұл колористикада, Қазақбай қылқаламының ұшқырлығында айқын сезіледі, ерте кезеңдегі жұмыс тәсілінен айтарлықтай ерекшеленеді.

Елбасы кітапханасының музейіне келіп, тәуелсіздігіміздің қалыптасуы мен дамуының тарихымен тереңірек танысқанымызды атап өткім келеді. Қазақстанның Тұңғыш Президентімен бірге тарихымыздың асыл мұрасындай болған осындай мемлекетті құрғанымызды жақсы білеміз. Сондықтан Тұңғыш Президент кітапханасының қызметкерлеріне атқарып жатқан жұмыстары үшін алғысымды білдіргім келеді. Бүгін біздің замандасымыздың, менің ойымша, Қазақстанның ең керемет әрі талантты суретшісінің көрмесі ашылады. Ол өз елін және халқын қатты жақсы көргендіктен бүкіл әлемге ұлтының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсеткісі келеді, - деді Төлеген Мұхамеджанов.

Камиль Муллашев автордың астананың алғашқы қалыптасу жылдарындағы талантына тоқталды.

Қылқалам шебері ретінде ол Қазақстаннан тыс жерлерде бұрыннан танымал. Басқа елдердегі кескіндеменің жанкүйерлері қазақ халқының мәдениеті мен тарихын Қазақбай Әжібекұлының суреттерінен білетіні өте маңызды. Автор жұмыстарының бір ерекшелігі – халыққа жақын, оның туындыларында бір жылылық бар, бояулары қанық. Оның шығармалары сұлулыққа құштар әр адамның жүрегінен орын алады, - деп атап өтті ол.

Іс-шара соңында көрменің авторы Қазақбай Әжібекұлы Елбасы кітапханасының басшылығына және арнайы келген қонақтарға ризашылығын білдірді.

Көрме 1 қарашаға дейін жалғасады.


Фото: дереккөз
Загрузка...