Өңделген тауарлардың экспорты азайды – Бақыт Сұлтанов

26 Қазан 2020, 13:37
1436
Бөлісу:
Өңделген тауарлардың экспорты азайды – Бақыт Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия  әсерінен өңделген тауарларлдың экспорты азайған. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында Сауда және интеграция министрлігінің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды.

Оларды іске асыру еліміздің экономикасын тұрақты дамытуға әкеледі. Бірінші кезекте шикізаттық емес экспортту ұлғайту. Оның жартысына жуығы (42%) қазір жоғары және орташа қайта өңдеу сатысындағы өнімінен тұрады. Өңделген экспорттың негізгі тауарлары - мыс және мыстан жасалған катодтар, ферроқорытпалары, уран, мұнай өңдеу өнімі және басқалар. Әлемде пандемия салдарынан қалыптасқан сауда-экономикалық өзгерістер бір жағынан тәуекелдерді туындатса, басқа жағынан отандық кәсіпорындардың ең жоғары қосылған құны бар өнімді өндіруге көшуіне «мүмкіндік терезесін» ашады,- дейді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, биылғы жылы пандемия әсерінен отандық өнімді дәстүрлі сатып алушылардың бірқатары өзінің өндіріс көлемін қысқартып, қазақстандықөнімді сатып алуды бәсеңдеткен.

Өткен 8 айдың қорытындысы бойынша өңделген тауарларлдың экспорты 7,3%-ға 10,4-тен 9,7 млрд АҚШ долларына дейін азайды. Экспорттың негізгі төмендеуі мұнай өнімдерінің (-332,6 млн $), ферроқорытпаларының (-249,7 млн $), мырыштың (-121,2 млн $) жеткізілімінің қысқаруы және бағалардың төмендеуі есебінен болды.

Сонымен қатар тамақ өнеркәсібін жеткізудің өсуі байқалады. Өсудің негізгі драйверлері: ұн, күнбағыс майы, макарон, сиыр еті, соя майы. Машина жасау өнімдерінің экспорты өсті. Мысалы, жылжымалы құрам бөліктерін жеткізу 3,2 есеге, жеңіл автокөліктерді жеткізу 3 есеге артты, - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы