Оразалин Ойыл мен Қобда өзендерінің жағдайы қалай шешілетінін айтты

22 Маусым 2021, 13:12
3801
Бөлісу:
Оразалин Ойыл мен Қобда өзендерінің жағдайы қалай шешілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бұл соңғы жылдары үлкен проблемаға айналған мәселе. Себебі қуаңшылық пен судың аздығынан, қыста қардың болмағаны кесірінен көптеген өзен-су тартылып қалды. Бірақ биыл Жем, Сағыз өзендері тасыды. Шалқарға құятын сулар да болды. Ойыл мен Қобда суларына келетін болсақ, маған да арыз-шағымдар түсті. Менің берген тапсырмам бойынша сарапшылар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Олар Ойыл өзенінің не себепті тартылып қалуын қарастырады, - деді Оңдасын Оразалин.

Оңдасын Оразалин бұл табиғаттың ауа райына байланысты екенін айтты. Алайда адам тарапынан жасалатын дүниелерге әрекет ету керек.

Облыс әкімі атағандай, қазір жоба бойынша сарапшылардың жұмысына қаражат бөлінген.

Бір жағынан құқық органдары да жұмыс істеп жатыр. Жыл соңында бұл мәселе қалай шешілетінін хабарлаймыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы