Бас жаңалықтар
Оңдасын Оразалин: Халыққа сапалы жол керек
18 Мамыр 2021, 16:38 294

Оңдасын Оразалин: Халыққа сапалы жол керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысының басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысындағы автокөлік жолдарының күтіп ұсталуы мен жол қызметі мәселелері талқыланды. 

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері онлайн түрде қатысты.

Жиынға қатысушылар өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, екпе мен жылыту маусымына дайындыққа қатысты өзекті сұрақтарды қарады.

Өңір басшысы барлық желіні түгендеуді, барлық межеленген бағдарламаны жүзеге асыруды және келесі жылыту маусымына әбден дайындалуды тапсырды. Сондай-ақ облыс әкімі екпенің коронавирус инфекциясынан пәрменді қорғану екенін еске салып, алған қарқынды бәсеңдетпеуді тапсырды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚАОФ директоры Марат Махамбетов автокөлік жолдарының жобалануының, құрылысының және реконструкциялануының, ағымдағы, орта және күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижелері мен т.б. туралы баяндады.

Оның сөзінше, облыс арқылы өтіп жатқан республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының желісі 1869 шақырымды құрайды, соның ішінде 303 км жол реконструкцияланып жатса, 1566 км жол ағымдағы күтімде және салынуда, ал жолдың 64%-ы жақсы әрі қанағаттанарлық жағдайда, 97 көпір болса, соның 19-ы реконструкцияланып жатқан жерде, сонымен қатар, 46 демалыс алаңы бар.

Республикалық маңызы бар 214 шақырымдық «Ақтөбе-Атырау РФ шекарасы (Астраханьға апаратын жол)» автокөлік жолын қайта салуға 46,8 млрд теңге бөлінсе, биыл 9,22 млрд теңге игеріледі. Бұл жұмысқа 209 бірлік жол-құрылыс техникалары мен 224 адам жұмылдырылған. Жұмыс жүріп жатқан жолдар толықтай пайдалануға берілетін болады. Осы жылы, сондай-ақ, «Ақтөбе-Атырау РФ шекарасы (Астраханьға апаратын жол)» автокөлік жолының 11-100 шақырымдық «Ақтөбе-Қандыағаш» бөлігін құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған болатын». Жұмыстың жалпы құны 62,4 млрд теңгені құрайтын болады, оған 500 бірлік жол-құрылысы техникалары мен 800 адам жұмылдырылмақ. Жоба мерзімі - ​ 2020-2023 жылдар аралығы, - деді спикер.

Сонымен қатар, өңірде бірнеше жол жобасы жүзеге асырылады. Олардың қатарында «Орталық-Батыс» автокөлік дәлізінің құрылысы да бар. «Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар-Қандыағаш» дәлізінің жалпы ұзындығы 1292 шақырым, оның 518 ​ шақырымы Ақтөбе облысымен өтіп жатыр.

Үш учаскеге, оның ішінде Қобда ауылы аумағындағы «Ақтөбе-Орал» бағытындағы «РФ шекарасы (Самараға апаратын жол) – Шымкент» (613-625 км) автокөлік жолына, «Қарабұтақ-Ұлғайсын» аумағындағы ​ «РФ шекарасы (Самараға апаратын жол) (990-1025 км) ​автокөлік жолына, «Ақтөбе қаласындағы солтүстік айналма» (21-39 км) жолына орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Жұмыс байқау рәсімдері өткізіліп, мердігер мекеме анықталған соң басталады. Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының бойында жолда қызмет көрсететін 109 нысан орналасқан, бес жаңа нысан биыл пайдалануға берілді, сонымен қатар, 46 демалыс алаңы бар. Облыс әкімі жол сапасына назар аударуды тапсырды.

Еске салайын, жол мәселесі біздің өңір үшін негізгі сұрақтардың бірі болып қала береді. Біздің тарапымыздан осы проблеманы шешу үшін барлық шара қабылданып жатыр, алайда бәрі мердігер мекемелер мен жол сапасын қадағалап отырған мемлекеттік органдарға байланысты. Ең бастысы – технологияның сапасы мен сақталуы. Анықталған заңбұзушылықтар мердігер есебінен жойылуы тиіс, ал заңбұзушылыққа жол бергендер жазалану керек. біз үшін ақырғы нәтиже маңызды: халыққа сапалы салынған жол керек, - деді Оңдасын Оразалин.


Фото: дереккөз
Загрузка...