Ондаған жыл бойы жылусыз отырған тұрғындардың мәселесі назарға алынды

18 Ақпан 2020, 16:30
1482
Бөлісу:
Ондаған жыл бойы жылусыз отырған тұрғындардың мәселесі назарға алынды
Фото: автордан

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде Павлодар ауданына қарасты Новочерноярка ауылында көпқабатты үйлердің ішіне пеш салып алған. Себебі, орталық қазандық өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары талан-таражға түскен.

Бүгінде бұл мәселе Nur Otan партиясы мүшелерінің бақылауына алында. Қазіргі уақытта Новочерноярка ауылында 16 көпқабатты үйдің 800-ге жуық тұрғыны жылусыз отыр. Тұрғындардың айтуынша, екі, үш және 4-қабатты үйлер өткен жылдың жетпісінші жылдары салынған.

Жергілікті мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін Әсел Исалинаның айтуынша, жергілікті әкімдік мәселеден хабардар. Бірақ, түйіні тарқар емес.

Екі кішкентай балам бар. Үшінші қабатқа күнде-күнде отын-көмір тасимыз. Тәулігіне 6 шелек көмір жағамыз. Қиын, әрине. Түтін шығып кетсе, түнде тұншығып қалуымыз әбден мүмкін ғой. Себебі, бұған дейін өрт бола жаздаған кездерді бастан өткердік, - дейді тұрғын.
 86974124_1079100295755963_4570932637123739648_n.jpg 

Барар жері, басар тауы қалмаған тұрғындар алаңдатқан мәселесін Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке жеткізді.

Павлодар ауданының әкімі Жанат Шұғаевтың айтуынша, қазандық салу жобасы оңтайландырылып, алдағы уақытта жүзеге асырыла бастамақ.

Жобаның құны - 522 миллион теңге. Мәселе бақылауымызға алынды. Алдағы уақытта конкурс өткізіп, мердігерді анықтаймыз, - дейді Жанат Шұғаев.
 
Бауыржан Байбек жобаны жүзеге асыруға қаржы облыс бюджетін нақтылаудан соң бөлінетінін жеткізді. Кейін партия тарапынан қоғамдық бақылау жүргізілмек, жұмыс барысын қадағалап отырмақ.

Айта кетейік, бүгінде партия аймақты дамытудың бес жылдық абғдарламасын қолға алады. Бағдарламаға енгізілетін мәселелерді аықта умақсатында саяси нитстиуттың мүшелері ел аралап, ең күрделі проблемаларды анықтамақ.
Өзгелердің жаңалығы