Омикрон. Вакцинациясыз эпиджағдай ушығып барады – Пралиева

10 Қаңтар 2022, 15:30
1020
Бөлісу:
Омикрон. Вакцинациясыз эпиджағдай ушығып барады – Пралиева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева хабарлады. Оның айтуынша, «Омикрон» штамының салдарынан елордада эпидахуал күрделене түсуде.

Сондықтан елордалықтарға белсенді түрде вакцинация мен ревакцинациядан өтуі маңызды деп отыр ол.

Жалпы алғанда елдегі жағдай күрделі. Вакцина салдыруда енжарлық байқалады. Кез келген жағдайда вакцинация және ревакцинациядан өту қажет. Өйткені бүгінгі таңда індеттен қорғанудың жалғыз жолы сол болып отыр. Неғұрлым көбірек екпе салдырсақ, дертті соғұрлым тезірек жеңеміз, - деді ведомство басшысының орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда «Омикрон» штамы таралуы салдарынан эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлағаны туралы жазған болатынбыз. Өткен он бес күн ішінде тәулігіне індет жұқтырған 80 жағдай тіркелсе, соңғы 5 күн ішінде аурушаңдық деңгейі 5,5 есеге артқан.

Қаңтардың алғашқы 10 күнінде барлығы 4622 жағдай тіркелді. Бұл өткен желтоқсан айының барлық көрсеткіштерінен 1,7 есеге артық болып отыр.

 

Өзгелердің жаңалығы