Омикрон. Елордада тәулігіне 1500-ге жуық адам вирус жұқтырып жатыр

11 Қаңтар 2022, 17:55
1211
Бөлісу:
Омикрон. Елордада тәулігіне 1500-ге жуық адам вирус жұқтырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Омикрон» штамының таралуына байланысты қаладағы эпидемиологиялық жағдай өте күрделі болып қалуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен екі аптада індеттің күніне 80 жағдайы тіркелсе, соңғы алты күнде аурушаңдық деңгейі  5,5 есеге артқан. Апталық қарқынды көрсеткіш – 496 санын құрайды. Репродуктивті саны – 2,8-ді көрсетіп отыр.

Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, бүгінде тәулігіне жаңа жағдайларды тіркеу саны 1494-ге жетті. Қаңтардың алғашқы 11 күнінде барлығы 6116 жағдай тіркеліпті. Бұл 2021 жылдың желтоқсан айының көрсеткіштерінен 2,2 есеге артық екенін көрсетіп тұр.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айының соңында жүргізілген молекулярлық-генетикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша бір сынамада КВИ-дің іріктелген 25 оң сынамасынан «Омикрон» штамы анықталды.

Өзгелердің жаңалығы