Омикрон әлде мұнай: Теңге неден қысым көрді?

14 Қаңтар 2022, 15:45
2007
Бөлісу:
Омикрон әлде мұнай: Теңге неден қысым көрді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова хабарлады. Оның айтуынша, 2021 жылы теңге бағамына әсер еткен негізгі факторлар бар.

Қарашаның соңы мен желтоқсанның алғашқы күндерінде «Омикрон» штамы туралы жаңалықтар мен мұнай бағасының бір баррель үшін 65,7 долларға дейін күрт төмендеуі аясында теңге бейрезиденттерден қатты қысым көрді. Халық пен заңды тұлғалардың жоғары сұранысына ие болды. Желтоқсанда сауда-саттық көлемі рекордты 4,26 млрд АҚШ долларына жетті, - деді Әлия Молдабекова.

Сондай-ақ дамыған елдерге капиталдың жаһандық әкетілуі себепті шетел инвесторларының теңге бойынша кэрри-позициялардан шығуы желтоқсанда күшейген.

Бұл жағдай шетел валютасына өскен сұранысқа әсер етті. Бір айда шетелдік инвесторлардың салымдары 200 млрд теңгеге, яғни шамамен 452 млн АҚШ долларына төмендеді. Осылайша, біздің есептеуіміз бойынша, 2021 жылғы соңғы екі айда бейрезиденттер тарапынан теңге бойынша позицияларды жабу үшін шетел валютасына сұраныс көлемі 1 млрд АҚШ долларынан асты, - деп атап өтті Ұлттық банк өкілі.

Өзгелердің жаңалығы