Омбыда мешіттен өрт шықты

11 Қаңтар 2019, 10:10
1526
Бөлісу:

Астана, baq.kz. Омбының Орталық округіндегі мешіттен өрт шықты. Өртті ауыздықтауға 30 астам адам жұмылдырылды. Бұл туралы Омбы облысы бойынша Ресей ТЖМ ББ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Өртті ауыздықтауға Ресей ТЖМ-дан 31 адам мен 7 бірлік техника келіп жетті», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі өрттің неден шыққаны мен көлемі жөнінде ақпарат таратпады. Омбы облыстық ТЖМ сайтында өрттен қаза болғандардың бар-жоғы туралы мәлімет болмады.

Кейінірек өңірлік ТЖМ баспасөз қызметі ТАСС агенттігіне мешіттен шыққан өртті өшіру мүмкін болғанын хабарлады. Аталған мекеме өрттің «жылы еден» жүйесіндегі ақаулықтан шыққанын растады. Өрт аумағы - 30 шаршы метр. Оқиғада салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Өзгелердің жаңалығы