Олжас Сырлыбай Олимпиадаға іріктеуден өте алмады

8 Мамыр 2021, 17:07
1487
Бөлісу:
Олжас Сырлыбай Олимпиадаға іріктеуден өте алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Бүгін кілемге грек-рим күресінің өкілдері шықты, деп жазады Olympic.kz.

Өкінішке қарай, 97 келіге дейінгі салмақта белдескен Олжас Сырлыбай бірінші белдесуінде жеңіліп қалды. Ол жапониялық Юта Нарамен кездесіп, 1:2 есебімен қарсыласқа жол берді, - делінген хабарламада.

Олжас Алматыда өткен Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турниріне де қатысып, жолдамадан құр қалған болатын. Осылайша, грек-рим күресінен 97 келіге дейінгі салмақта Қазақстан командасының өкілдері Токио ойындарына қатыспайды.

Бүгін Қазақстан сапынан тағы екі балуан кілемге шығады. Олар - Алмат Кебіспаев (67 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі). Олимпиада жолдамасы тек қана жеңімпазға беріледі.


Өзгелердің жаңалығы