Оливер Стоунның таңдауы неліктен Назарбаевқа түскені айтылды

6 Шілде 2021, 12:14
5078
Бөлісу:
Оливер Стоунның таңдауы неліктен Назарбаевқа түскені айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев америкалық режиссер Оливер Стоунның фильм түсіруде таңдауы неліктен Нұрсұлтан Назарбаевқа түскенін айтты.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Оскар» сыйлығының 3 мәрте иегері Оливер Стоунның продюсерлігімен жарық көрген «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмнің көрсетілім алдындағы таныстырылымы өтіп жатыр.

Оливер Стоун мырза бұрынғы Кеңестер Одағындағы Орталық Азия мемлекеттерін осыған дейін жан-жақты зерттеген. Әлемге ұсынуға лайық тұлға іздеген. Жаңа заманның жаңа көшбасшысы ретінде таңдауы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа түсіпті. Бұған байланысты мен бір-екі дүние айтайын. Бізде Ұлы далада, Қазақ елінде қалыптасқан бір жақсы дәстүр бар. Ол – «Еліңде кімің бар» деп сұрақ қою,- дейді Қырымбек Көшербаев.

Ол өйткені әр елдің келбетін оның табиғатының ландшафты емес, жерастының байлығы емес, тұлғалары, қабырағалы азаматтары қалыптастырған деп отыр.

Қанша қилы заман өткелі «жау бетке білектісін, дау бетке біліктісін» жіберіп отырған. Ол жағынан қазақ халқы ешқашан кенде болмаған.  Сол тарихи тұлғалардың ізінде Тәуелсіздіктің көк байрағын аспанға көтерген, тарихи тұлға, ғаламдық саясаткер - Нұрсұлтан Назарбаев тұр,- дейді мемлекетік хатшы.

Өзгелердің жаңалығы