Елдос Сметовке теңіз жағасынан пәтер берілді

24 Тамыз 2021, 11:13
2960
Бөлісу:
Елдос Сметовке теңіз жағасынан пәтер берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері - дзюдошы Елдос Сметовке Ақтаудан пәтер мен теңіз жағасынан жер телімі сыйға тартылды. 

Бұл туралы Instagram-парақшасында бапкері Әділ Бисенқұл мәлімдеді.

Ол сыйлықты белгілі спортшы бұрын жұмыс істеген құрылыс компанияларының бірінің жетекшісі сыйлағанын айтты.

Ауылға батыр келсе, хан түйесін сойған дегендей, еліміздің абыройын, көк байрағымызды желбіретіп жүрген дзюдо күресінің әлемдік аренадағы жарық жұлдызы Елдос батырға шәкіртім Мирас Бесбайұлы Сайыновтан Ақтау шахарынан пәтер және оған қоса Rixos-тың қасынан жекеменшік жер сыйлады. Осындай шәкірттерім барда қалай қуанбайсың? - делінген жазбада.

Айта кетейік, Елдос Сметов 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Бұған дейін оған көлік сыйға тартылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы