Олимпиада күні - 2020: Үздік муралға дауыс беру басталды

21 Маусым 2020, 17:15
1615
Бөлісу:
Олимпиада күні - 2020: Үздік муралға дауыс беру басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олимпиадалық құндылықтарға арналған муралға дауыс беру басталды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Бүгін Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтында ашық дауыс беру басталды. Қолданушылар 17 еңбектің ішінен ең үздігін таңдап алады. Жеңімпаз бен екі жүлдегер үшін демеушілер құнды сыйлықтар дайындауда. Әкімдіктермен келісілген соң жеңімпаздың еңбегі жарияланатын үй қабырғасы таңдалады. 

Осылайша, қазақстандық қалалардың бірінде тарихта алғаш рет олимпиадалық мурал пайда болады. 

Айта кетерлігі, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Халықаралық Олимпиада күніне арнап еліміздің әр аймағындағы үздік мурал эскизіне республикалық конкурс жариялаған болатын. Мурал – ғимараттың қабырғасына салынған көркем туынды. Қазіргі көше өнеріндегі сәнді бағыттардың бірі. Конкурстың тақырыбы 2020 жылғы Олимпиада күнінің ұранымен бірдей – "Олимпиада балалық шақтан басталады". Болашақ Олимпиада жеңістерінің іргетасы бала кезден қалыптасады.


Өзгелердің жаңалығы