Өлі балықтар табылған Шардара суынан не анықталды?

23 Наурыз 2020, 12:01
4360
Бөлісу:
Өлі балықтар табылған Шардара суынан не анықталды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шардара су қоймасынан жергілікті балықшылар көптеген өлі балықтың табылғанын хабарлағаннан кейін, тиісті органдар су құрамын тексеруге кірісті.

Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК жергiлiктi балық аулаушылары тауып алған өлі балықтар бойынша Шардара су қоймасы суының сынамаларын жоспардан тыс іріктеуді жүргізгенін хабарлаған.

Бipiншi күндің талдау нәтижесі бойынша су сипаттамасы норманың шегінде: су температурасы 8,9-10,0 ºС, сутегі көрсеткіші – 7,66-7,98; еріген оттегінің концентрациясы – 12,89-15,0 мг/дм3; мөлдірлігі – 21-25 см, түсі – 12-33 градус, иісі – 0 балл, табиғи суға тән емес иістер табылған жоқ.

Басты иондарды, биогенді, органикалық және органикалық емес заттарды, оттегіні, ауыр металдарды химиялық тұтынуды талдау нәтижелері бойынша - су сапасының бірыңғай жіктемесінің шекті нормадан асып түсуі Шардара су қоймасының "Қытай қалашығы жағажайы" және "Күміс жағажайы" сынамаларын іріктеу нүктелерінде жалпы 0,36-0,4 мг/дм3 (1,2-1,3 есе жоғары) темір бойынша тіркелді, қалған нүктелерде көрсеткіштер норма шегінде, - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

2020 жылдың 26 наурызында талдау нәтижелері қосымша жіберілетін болады.


Өзгелердің жаңалығы