Ольга Рыпакова Париждегі «Гауһар лигасында» сынға түседі

24 Тамыз 2019, 08:32
1800
Бөлісу:
Ольга Рыпакова Париждегі «Гауһар лигасында» сынға түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Парижде жеңіл атлетикадан «Гауһар лигасының» кезекті айналымы өтеді. Аталған сынға Қазақстан командасының үздігі Ольга Рыпакова да қатысады деп жазады Olympic.kz.

Үш қарғып секірушілер додасына тоғыз атлет қатысады. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы, колумбиялық Катрин Ибаргуэн жоқ. 

Әзірге үш қарғып секіруден «Гауһар лигасының» рекорды Венесуэла өкілі Юлимар Рохастың еншісінде. Оның көрсеткіші – 15.11. 

Рыпаковның биылғы маусымдағы ең үздік нәтижесі 14.37 метр екенін еске саламыз. 
Өзгелердің жаңалығы