Ольга Рыпакова Париждегі "Гауһар лигасында" 8-орын иеленді

25 Тамыз 2019, 15:11
1435
Бөлісу:
Ольга Рыпакова Париждегі "Гауһар лигасында" 8-орын иеленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парижде жеңіл атлетикадан ірі халықаралық турнир - «Гауһар лигасының» кезекті айналымы аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Аталған сынға Қазақстан атынан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова қатысқан болатын.  

Үш қарғып секіруден бақ сынаған жерлесіміздің турнирдегі үздік көрсеткіші – 14.16 метр. Бұл нәтижемен ол сегізінші орынға тұрақтады.  

«Гауһар лигасы» кезеңінде венесуэлалық Юлимар Рохас топ жарды. Оның көрсеткіші – 15.05. Екінші орында кубалық Лиадагмис Повеа (14.75), үшінші сатыда америкалық Кетура Орджи (14.72). 

Жарысқа жалпы есебі 10 спортшы қатысты. 



Өзгелердің жаңалығы