Ольга Рыпакова Атлеттер комиссиясының мүшесі атанды

19 Қараша 2019, 19:44
2528
Бөлісу:
Ольга Рыпакова Атлеттер комиссиясының мүшесі атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ольга Рыпакова халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қауымдастығының (IAAF) кеңесінде Атлеттер комиссиясының мүшелігіне тағайындалды, деп хабарлайды Жеңіл атлетика федерациясы.

IAAF кеңесінде Атлеттер комиссиясының алты мүшесі тағайындалды. Оның ішінде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бар. Бұл – Қазақстан жеңіл атлетикасының жетістігі, – деп жазылған федерацияның ақпаратында.

Айта кетейік, мүшелікке Ольга Рыпаковамен қатар тағы да әлемнің бірнеше үздіктері енді:

·        Мария Хосе Та Лу - Кот-д'Ивуар

·        Бингтиан Су - Қытай

·        Маджид Эддин Газаль - Сирия

·        Акани Симбин - Оңтүстік Африка Республикасы

·        Милка Чемос Чейва - Кения.

Өзгелердің жаңалығы