Қолды сабындап жиі жуу денсаулыққа зиян – дәрігер

11 Наурыз 2020, 09:42
7766
Бөлісу:
Қолды сабындап жиі жуу денсаулыққа зиян – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының өршіп тұрған кезінде барлық дәрігер қолды жиі сабындап жууға кеңес беріп жатыр. Бірақ вирустан қорғанудағы бұл әдістің де өзіндік кілтипаны болып шықты. Қол гигиенасын қалай дұрыс қадағалау керек екенін дәрігер аллерголог-иммунолог айтып берді. Бұл туралы Sputniknews.kz сайты жазды. 

Дәрігер Алексей Бессмертныйдың айтуынша, қолды шамадан тыс сабындап жуа беру де қауіпті екен. 

Ас ішер алдында немесе ЖРВИ және тұмау деңгейі өршіп тұрған кезеңде қолды сабындап жуып отыру панацея емес, инфекциядан қорғану шаралары болып табылады. Егерде адам қолын арнайы гигиеналық заттармен тым көп жуса, ол кері әсер етуі мүмкін. 

Сабын неге қауіпті? 

Қолды шамадан тыс (күніне 6-7 реттен көп) сабындап жуу қолдың терісін құрғатып жібереді де әртүрлі инфекциядан қорғап тұратын қолдағы пайдалы бактериялар қабатын жойып жібереді. Сонымен қатар, қолды жиі жуу теріге де зиян, өйткені сабын мен түрлі гель теріңізді бүлдіріп тастауы мүмкін, - деді Бессмертный.

Антисептиктердің пайдасы бар ма? 

Дәрігер америкалық педиатрия академиясының зерттеулеріне сүйене отырып, антисептиктер мен сулы майлықтар (влажные салфетки) қолдың кірін кетірмей, тек қолыңызға жағып шығатынын айтты.  

Сонымен қолды зиянсыз қалай жуу керек?

Қолыңыздың табиғи қорғанышына зақым келтірмей қалай таза ұстауға балады дегенге келсек, дәрігер қолыңызды сабындап күніне сегіз реттен артық жумауға кеңес береді. Бұдан бөлек қолыңызды ағын сумен жуу әлдеқайда тиімді екенін де айта кетті.
 


Өзгелердің жаңалығы