Бас жаңалықтар
Қолданыстағы жүйе тиімсіз – Мамин
28 Сәуiр 2020, 10:39 693

Қолданыстағы жүйе тиімсіз – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Асқар Мамин халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде қолданыстағы жүйенің тиімсіз екенін айтты.

Бүгінгі таңда проблемаға мемлекет араласып, бағаның шекті мәнін белгілеп отыр. Бұл фактілер халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесінің тиімсіз екенін көрсетті. Осы ретте біз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бағаны бақылаудың жаңа деңгейіне өтеміз. Үкімет ұлттық тауар өткізу желісін, көтерме тарату орталықтары кешенін құру бойынша жүйелі шешім қабылдады, - дейді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бірқатар Еуропа еліне барып, бұл тұрғыдағы үздік тәжірибелерді зерттеген. 
Енді оның зерттеу нәтижелерін пайдаланамыз. Үкіметтің маңызды міндеті – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сауда және интеграция министрлігі ұсынған тәсілдерді қолдау қажет деп санаймын. Өздеріңізге белгілі, нарықта, әсіресе маусымаралық кезеңде бірқатар өнімнің бағасы өседі. Оның ішінде әлеуметтік маңызды азық-түлік те бар. Статистикаға сәйкес, 17 наурыз бен 7 сәуір аралығының өзінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы 4,2 пайызға өскен. Нарық қатысушыларының кейбірі төтенше жағдайды пайдаланып жатыр, - дейді премьер-министр.
Бұған дейін министр Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасының жоғары тұрақсыздығы байқалып отырғанын айтқан болатын.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...