Ол жолдастарына соңына дейін көмектесті – Министр шахтадағы кеншінің ерлігі туралы айтты

24 Қараша 2021, 19:18
1083
Бөлісу:
Ол жолдастарына соңына дейін көмектесті – Министр шахтадағы кеншінің ерлігі туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Онлайн брифинг кезінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Абай шахтасындағы төтенше жағдай кезінде өз әріптесін құтқарып қалған кенші туралы айтты.

Шахтадағы апат кезінде жұмысшыларының бірі өзін-өзі құтқару киімін киеді. Кейін ол тікелей штрекке барып, ол жерден есінен танған бірнеше әріптесінің денесін көреді. Тіршілік белгілерін көрсеткен әріптесінің біріне өзін-өзі құтқару киімін кигізіп, оның өмірін сақтап қалды. Кейін ол өзін нашар сезініп, шахтадан шығып кеткен, сосын оған құтқарушылар көмектескен. Бұл кісі шынымен де ерлік көрсетті. Ол жолдастарына соңына дейін көмектесті, - дейді министр.
Оның айтуынша, рұқсат етілген шектен бірнеше есе асып кеткен метанның бөлінуі адамдардың дер кезінде өзін-өзі құтқару құрылғысын қолдануына мүмкіндік бермеген. Сол себепті қалған кеншілер әп-сәтте көз жұмған.
Кенші мен диспетчер төтенше жағдайдың салдарын жоюда көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін ведомстволық наградаларға ұсынылады, - деп айтты Юрий Ильин брифингте.
7 қарашада сағат 08:24-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында метан газы тарап, апат болды. Салдарынан адам көз жұмды.
Өзгелердің жаңалығы